Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 926 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 926 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ


    Бүгінде аймақта жоспардағы 1185 әлеуметтік нысанның 926-ы тиісті бейімдеуден өтті. Тағы 314 нысан 2019 жылдың соңына дейін қолжетімді болады enbek.gov.kz.
    Осы және өзге де мәселелер «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық» жобасы аясында мемлекеттік ұйым басшылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар кездесуінде талқыланды.
    Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда, Қызылорда облысында 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. 2013 жылы аталған өңір республикада бірінші болып мүгедектер құқығын қорғауға және өмір сүру сапасын жақсартуға арналған Жол картасын жасап шығарды.
    Тек соңғы 4 жылда құжатта көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға 13,8 млрд теңге жұмсалды.
    Мүгедектерді оңалту бағдарламаларының орындалуына облыстық бюджеттен 2017 жылы 415 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп, 12 мыңға жуық оңалту бағдарламасы орындалды.
    Жыл соңына дейін мүгедектердің шипажайларды емделуіне 1275 жолдама қарастырылған. Одан бөлек, 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан қозғалысқа қажет құралдармен қамтамасыз етілген. Ал, күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет түрі 190-ға жуық балаға көрсетілді.
    Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау мақсатында, Қызылорда облысында 18 «Инватакси» көлігі қызмет етеді.

17 қазан 2017 ж. 603 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области