Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ПАРТИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ПАРТИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА


    «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалдың ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  
    Шараға  қалалық партия филиалының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Кенжегүл Құрақбаева қатысты.
    Кенжегүл Құрақбаеваның айтуынша, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң қабылданғаннан бері меншік нысанына қарамастан барлық қала мекемелері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алуда. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалымен бірге тұрақты түрде ай сайын «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізіп келе жатұанын атап өтті.
    - Жәрмеңкелер аясында жұмыссыз жүрген, кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған отбасы мүшелері үшін, жұмыс берушілермен тікелей кездесуге толық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінгі жәрмеңкеге қаладағы 15 мекемеден алдын-ала 40 бос орындарға сұраныстар келіп түсті, оның ішінде: маркетолог, кассир, материалды есепші, электрик, орыс тілі пәні мұғалімі, сурдо педагог, аула сыпырушы, жұмысмшы, жүргізуші, аспазшы мамандықтарына сұраныс мол, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары.
    Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға арналған 10 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылғанын айтты.
    - Осы жәрмеңкелерінің нәтижесінде 69 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. 83-і қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал, 16-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 10 азамат жастар тәжірбиесімен жұмыс істеуде. Ал  15 жас  тегін қысқа мерзімді курстар арқылы мамандық игеруде, - деп атап өтті.
    Жәрмеңке аясында 35 азаматқа жаңа жұмыс орнына жолдама берілді. Олардың қатарында III топ мүгедегі Болат Тоқановта бар. Қала тұрғыны бүгінгі жәрмеңке аясында облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп интернатына от жағушы болып қызметке орналасты.
     - Мен өте қуанып тұрмын. Жәрмеңкеге келіп жұмыс табады деп кім ойлаған. «Нұр Отан» партиясына рахмет! Бізді кемітпей, керісінше құқымызды қорғап, жұмысқа орналасуымызға жәрдемдесіп отыр, - деді ол.

30 қазан 2017 ж. 674 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области