Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ «ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 103 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ «ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 103 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

«Жол картасы» аясында республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 103 жоба, оның ішінде жалпы ұзындығы 1390 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және 12 көпірге құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол туралы брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша автомобиль жолдары желісін дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленді.
  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының биылғы Жолдауында көлік ағынын тиімді басқаруға және жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз ету қажет екендігін міндеттеді. Осыған орай, биыл Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау алқабын игеру мақсатында көше-жолдары желісін орналастыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген 370,5 млн. теңгеге 2 жоба бойынша өткен жылы басталған екі магистралды көше құрылысын салу жобасы жалғасады. Шіркейлі каналына көпір салуға қажетті қосымша 706,0 млн. теңге ел қазынасынан бөлініп, биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазалы ауданының «Әлсейіт» учаскесінде Сырдария өзеніне көпір салу жұмыстары жалғастырылады», - деп хабарлады Ержан Әбдіхалықов.
Сондай-ақ, облыста басқа да жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішін 63,5% жеткізу қамтамасыз етіледі.


11 сәуір 2018 ж. 112 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области