Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншин ауданына келгеннен кейін Қызылорда құтқарушылары бірден аумақты және қауіпті жерлерді тексеру үшін жұмысқа кірісті. Құтқарушылар Рощенский, Макашевка, Краматукровка, Красная поляна, Глубокая, Озерная және Құмдыкөл көлінің аудандарындағы ауылдық округтердің мұз жағдайларына мониторинг жүргізді.
  Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары халықпен профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Жұмыс барысында құтқарушылар тұрғындарға жадынамалар мен нұсқаулықтар таратты, сондай-ақ су тасқыны мен су басу кезіндегі қауіпсіздік іс-қимыл ережелері туралы Келлеровка ауылдық округінің тұрғындарының есіне салды. 2018 жылғы 10 сәуірдегі осындай үгіт-насихаттық іс-шара барысына Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншин ауданы Келлеровка ауылдық округінің 30 үйі мен 63 тұрғыны қамтылды.

                                                                                                                           


11 сәуір 2018 ж. 147 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области