Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР КӨШБАСШЫЛАРЫ ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ҚОЛДАДЫ

ЖАСТАР КӨШБАСШЫЛАРЫ ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ҚОЛДАДЫ


    Елбасы 26 қазанда қазақ тілі қаріптерін  кириллицадан латынға ауыстыру туралы  Жарлыққа  қол қойды.
    Осыған орай Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері аталмыш құжатпен танысып, оң пікірлерін ортаға салды.
    Сондай-ақ аталған мәселеге байланысты жаңақорғандық жастар да бас қосты. «Жаңақорған жастар ресурстық орталығында өткен жиында  орталық директоры латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.
    Атап айтқанда, ол ең алдымен Президентіміздің жоғарыда айтқан бағдарламасы аясында көрсетілген ең бірінші міндет, латын қарпіне көшу жұмыстарын бастау жөніндегі тапсырмасына байланысты екенін айтып, сонау Тәуелсіздік таңынан бастап, бұл мәселеге ерекше дайындалып келе жатқанымызды алға тартты. Сонымен қатар, енді, міне, сындарлы шақ туғанда халқымыз үшін, оның ең асыл қазынасы тіліміз  үшін аса өзекті жұмысты жұмыла атқарудың бастауында тұрғанымызды жеткізді.
    Ал, қатысушы жастар жаңа әліпбиді көпшілік, зиялы қауым және сарапшылар айтып жатқандай жаңғырудың ең маңызды алғышарттарының бірі екенін тілге тиек етті. Дәуір сұраныстарынан, замана қажеттілігінен және келешегіміздің қамына орай әлем  халқының жартысынан астамы қолданатын, қазіргі кезеңде шын мәніндегі халықаралық әліпбиге айналған латынға көшу Елбасы айтқандай, терең  логикасы бар маңызды қадам, – дейді Жаңақорған жастары.


30 қазан 2017 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области