Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА


    «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірімізде орындалуы туралы» тақырыбында партиялық тыңдау өтті.
    Жиынға  ауыл шаруашылық, ветеринария, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, кәсіпкерлік және туризм, жер қатынастары  басқармалары, қалалық ауыл шаруашылық бөлімі, облыстық кәсіпкерлер палатасы,  «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы,  жеке шаруа қожалық төрағалыры, үкіметтік емес ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
    Жиынды ашқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев биылғы жылы Елбасының тапсырмасымен «Агробизнес-2020» бағдарламасы мен «Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы» біріктіріліп, «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілгендігін атап өтіп, бағдарламаның басты мақсаты – нарықтарда сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнімдердің өндірісін қамтамасыз ету екенін айтты.
    -Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалықтарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын.  Бүгінде ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған мемелкеттік қолдаулар мен  жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар жетіп жатыр. Біздің ауылшаруашылық өнімідерімізге сұраныс та айтарлықтай.  Сондықтан бұл бағытта әлемдік тәжірибелерді  пайдаланып, жұмыстарды жетілдіру керек. Еліміздің басты саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы бұл маңызды мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын үнемі бақылауда ұстайтын болады,- деді Ибадулла Құттықожаев.
     Өз кезегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұммед Сыздықов  «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, нақты міндерге сәйкес деректер келтірді.
    Атап айтар болсақ, өңірде ағымдағы жылы индикативті іс-шара жоспары бойынша 20-дан астам жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып, қазіргі таңда 1050 жеке қосалқы шаруашылықтардың басын қосқан 43 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, олардың 23-і құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.    
    – Бағдарламаның нарыққа сұранысқа ие өнімдерді өндіру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту бағыты бойынша облыста бірінші кезекте жоғары экспорттық табыс табу секторларына күріш, бақша өнімдері, балық, жылқы, сиыр және қой еттері белгіленіп, «Магро» фермерлік шаруашылығы ағымдағы жылы Ресейдің «Магнит» сауда желісі арқылы бүгінгі күнге 32 тонна тәтті бұрыш және 78 тонна пияз экспортталған. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында облыс бойынша 56,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48,3%-ға немесе 18,2 мың тоннаға артқан.Оның ішінде экспортталған күріш көлемі 53,2 мың тоннаны құрап отыр. Сондай-ақ Иран Ислам Республикасында сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын өндіру қолға алынып, Қытай мемлекетіне күріш салысын өткізу мәселесі пысықталуда,- дейді   басқарма басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
    Партиялық тыңдауды қортындылаған  облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев партиялық тыңдаулар  әрбір салаға қатысты өзекті мәселелерді анықтаумен қатар, оының шешімін табуына ықпал ететіндігін жеткізіп, айтылған ұсыныс пікірлердің барлығы орталық партия аппараты арқылы  тисті органдарға жолданатынын айтты.





27 қазан 2017 ж. 693 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области