Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ»

«МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ»


    «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен  «Мамандық – өмір таңдауы» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен кездесу болды.
    Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының бастамасымен түрлі сала өкілдерінің қатысуымен «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында «Мамандық – өмір таңдауы» атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
    Кездесу №45 «Ақ Орда» атындағы мектеп - гимназиясында өтті. Шараға  жоғары сынып оқушылары  жиналды. Білім ұясының шәкірттеріне болашақта мамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндірілді.
    Жиынды Шиелі аудандық партия филиалының сектор меңгерушісі Динара Данабекова ашты.
     Динара Данабекова өз сөзінде: «Сәтті қадам» жобасы Партияның Саяси Доктринасындағы «Адам» және «Болашаққа ұмтылыс» құндылықтарына негізделгенін атап өтті.  
    «Жас Отан» ЖҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Ақсамал Рысбаева мектеп бітіруші түлектерді  партияның жастарға арналған жобалары мен бағдарламаларын кеңінен таныстыра отырып , «Біз- жастар – ел болашағымыз», біздің білімді, жоғары мәдениетті, Отансүйгіш болуымыз – ауданымыздың гүлденуінің  кепілі!- деп жастарды жалынды сөздермен жігерлендірді.
    Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бауыржан Әбішев:   Қазақ халқы ырымшыл халық, қай бастамада  болса да қадамымыз «Сәтті болсын» деп ниеттенеміз, сол секілді партияның «Сәтті қадам» жобасы мектеп бітіруші түлектер үшін білім алуға, жұмысқа орналасуға бағытталып отыр»,-деп атап өтті.
    Сондай-ақ Шиелі аудандық индустриалды-аграрлы колледжінің мұғалімі, аудандық партиялық филиалына қарасты «Колледж» партиялық тобының  жетекшісі Үміткүл Аңламасова  түрлі сұранысқа ие мамандықтар бойынша Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде  тегін білім алу мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.
     Кездесу барысында оқушылар түрлі сауалдар қойып пікір алмасты. 11 «Б» сынып оқушысы Нұрсұлтан Аябек шара ұйымдастырушыларға бітіруші түлектер атынан алғыс білдіріп, аға буын өкілдерінің артып отқан сенімін ақтауда күш-жігерлерін жұмсауға уәде етті.  
    №45  «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары Раушан Сәрсенбаева өз сөзінде мектепте өткізіліп жатырған түрлі сауаланамалар барысында бітіруші түлектердің 90-95 пайызының өз мамандықтарын нақты таңдағанын атап өтіп, келген қонақтарға алғысын білдірді.

27 қазан 2017 ж. 880 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области