Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША X РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

«МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША X РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Жоғары оқу орындарында олимпиадаларды өткізу ережесіне және пәндік олимпиадаларды өткізудің Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген кестесіне сәйкес, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасындаX Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді.
  Республикалық олимпиадаға жоғары оқу орындарының, яғни Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Каспий қоғамдық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттері белсенді түрде қатысты.
  2 кезеңнің жалпы қорытындысы бойынша төмендегідей орындар бойынша жеңімпаздар анықталды:
  І–ші орын – Жандос Сарсеков, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
  ІІ – ші орын – Айдана Есжанова, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті;
  ІІ–орын – Армат Мусакулов, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
  ІІІ–орын – Мейіржан Асхатов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті;
  ІІІ–орын – Елена Кияшевская, Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті;
  ІІІ–орын – Александр Ходус, Каспий қоғамдық университеті.
 5В070800- «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XРеспубликалық студенттік пәндік олимпиаданың жабылу салтанаты университеттің студенттер сарайының концерт залында, белсенді студенттердің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер мен олардың жетекшілеріне және ЖОО басшылықтарына «Алғыс хат» берілді.
06 сәуір 2018 ж. 1 419 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области