Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕТЕКШІ АРНАДА – ЖАҢА МАУСЫМ

ЖЕТЕКШІ АРНАДА – ЖАҢА МАУСЫМ


    Аймақтық төл арнаның жаңа маусымы ашық. Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалының ұжымы осыған байланысты презентациялық кеш ұйымдастырды.
    «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев жаңа маусым Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты байламы жоғары бағдарламалық мақаласымен біте қайнасатынын атап өтті. Осы орайда «QAZAQSTAN» телеарнасы жаңашылдықтың бастамашысына айналды. Көрерменді жаңа ребрендингімен, бағдарламаларымен, дизайнымен қуантты. Бір студияға билік пен оппозиция өкілдерін жинап, өркениетті түрде ашық пікір білдіруіне мүмкіндік туғызды. Ақпараттық, шығармашылық, редакциялық саясат мүлде жаңа бағытқа бұрылды.
    Мемлекет басшысының латын қарпіне көшу туралы бастамасына алғашқылардың бірі болып ілескен «QYZYLORDA» телеарнасы да бұл жолы көрерменге тың жобалар, бәсі биік бағдарламалар әзірлеп отыр. Олардың басым бөлігі ұлттық кодты сақтау, рухани жаңғыру бағытында. Келесі жылы дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязовтың қатысуымен «Кәніки, тілім, сөйлеші» жобасы көпшілікке жол тартады. Жоба Сыр бойындағы жыраулық өнердің көрнекті тұлғаларының шығармашылығын насихаттауға негізделген.
    «Қазақстан» ұлттық телеарнасы АҚ облыстық филиалының директоры Жағыппар Қарабала жергілікті телевизияның ширек ғасырлық тарихында мұндай ауқымды өзгерістер аз болмағанын айтты. Аймақ айнасы биылдан бастап филиалдар арасында алғашқылардың бірі ретінде түскі үзіліссіз тәулігіне 17,5 сағат хабар таратуға көшті. Ал онлайн режимде хабар таратқалы көрермен телеарнаны аймақтың кез келген нүктесінде қалаған уақытында тамашалайтын болды. Телеарнаның техникалық-коммуникациялық мүмкіндігі артты. Бұл республикалық маңызды іс-шаралардан тікелей көрсетілімдер, халықаралық деңгейде телекөпірлер ұйымдастыруға жол ашты. Цифрлық қондырғылармен жабдықталған «Жаңалықтар» студиясы пайдалануға берілді. Бүгінде жетекші арна әлеуметтік-экономикалық дамуы, контенті жөнінен өзге әріптестерінен әлдеқайда алда тұр.
    Салтанатты шарада мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев көрерменнің жаңа дүниелерді көруге асық екенін айтып, тілектестік білдірді. Жиналған жұрт одан соң концерттік бағдарламаны тамашалады.
    syrboyi.kz

27 қазан 2017 ж. 469 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области