Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН «СЛАВЯН БАЗАРЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАЗЫЛЫҚ ЕТЕДІ

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН «СЛАВЯН БАЗАРЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАЗЫЛЫҚ ЕТЕДІ

Әнші Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауында жеңімпазды анықтайтын қазылар алқасының құрамына енетін болды. Әнші бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
  «Бұл байқау менің өмірімде өте маңызды рөл атқарды. Халықаралық бірнеше байқауда топ жарып, әр түрлі концерттерге, Қазақстан мен шетелдегі бірқатар тв жобаларға қатысқаннан кейін, «Славян базарында» жеңіс тұғырына көтерілгеннен соң дәл сол Беларусьте мен өзімді танымал әнші ретінде сезінген едім. Мен осы байқауды, яғни үлкен сахнаға жол ашып, өз елімнің мәдениетін паш етуге мүмкіндік берген бұл елді қатты жақсы көремін. Осы жылы мен «Славян базарына» мейман әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде барамын. Барлық dears-тарды менімен бірге сол байқауға барып қайтуға шақырамын. Көріскенше Беларусь! See you in July. See you dears in Belarus», - деп жазды Инстаграмдағы парақшасында әнші.
  Айта кетсек, 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән фестивалінде бас жүлдені иеленген болатын.

30 наурыз 2018 ж. 358 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области