Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ


     «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимов аудан тұрғындарын қабылдады.
    Қабылдауға алдымен Арал қаласының тұрғыны Мадина Жамалова кіріп, науқастанған 6 жасар баласын Астана қаласында тексеруден өткізуге көмек беруді сұрады. Алаңдаулы ананың өтінішіне байланысты Абзал Сансызбайұлы тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
    Ұлына Қызылорда қаласынан жұмыс тауып беруге өтініш білдірген ардагер ұстаз Маржан Жәлімбетованың мәселесі де оңынан шешілді.
    Сондай-ақ, бұған дейін жастар резервінде тұрған Арайлым Камиланованың өтініші негізінде департамент басшысы Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Ә. Жалғасбаевқа тапсырма жүктеді.
    Абзал Сансызбайұлы қабылдауға келген тұрғындар мәселелері бақылауға болатынын жеткізді.


27 қазан 2017 ж. 592 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области