Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ

ЕРЛІК ПЕН ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ


    Жалағаш ауданындағы Есет батыр ауылында Есет батыр Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына кеңінен атап өтілді. «Ел қорғаны – Есет батыр» атты сахналық қойылым қойылып, жұртшылық елін жаудан қорғаған батыр ерлігіне қаныға түсті. Осы күні ерлік мерекесі еңбек тойына ұласып, «Алтын дән-2017» мерекесі де аталып өтті. Табыс пен еңбек мерекесінде аудан әкімі  Талғат Дүйсебаев құттықтауын жеткізді.
    –Алтын дән мерекесін аудан диқандары мен еңбеккерлері лайықты табыспен қарсы алып отыр. Биылғы жылы аудан бойынша 35 448 гектар ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде 22 465 гектарға күріш орналастырылды. Күріштің әрбір гектарынан 57- 60 центнерден өнім алынып, аудан диқаншылары жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Осындай жетістікке ауданның ауылшаруашылығы саласы мамандарының қосқан үлесі зор. Күріш дақылдарынан басқа бау-бақша өнімдері мен мал азығының да дайындалуы еңбекшіл қауымның еңбегі, – деді аудан басшысы.
    Еңбек тойында ел несібесіне үлес қосқан диқандар «Озат егін шаруашылығы», «Озат шаруа қожалығы», «Озат бригадир», «Озат жатка машинисі», «Озат комбайншы», «Озат күріш өсіруші», «Озат тасымалдаушы», «Озат жоңышқа өсіруші», «Озат бағбан», «Озат бақша өсіруші», «Озат су маманы» номинацияларымен марапатталды.
    Ауыл шаруашылығы саласын ақпараттандырып жүрген БАҚ өкілдеріне де «Озат газет тілшісі», «Озат телеарна тілшісі» номинациялары табыс етілді.  
    Мереке аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.






27 қазан 2017 ж. 224 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области