Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОСАП ҚАЛҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ БОЛДЫ

БОСАП ҚАЛҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ БОЛДЫ


25 наурызда облыс аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Оның қорытындысы жайында өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифнингте белгілі болды.
Сайлау облыстың үш ауданында, атап айтқанда Арал, Сырдария, Шиелі  аудандарында және Қызылорда қаласында  өткізілді. Аталған  сайлауға 1-облыстық, 3-аудандық, 1-қалалық  аумақтық, 3 аудандық және 1 қалалық округтік, 11- учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. Сайлауға дауыс беруге, сайлаушылар тізіміне енгізілген 15704 сайлаушының  11971  немесе 76,2 % қатысты. Дауысқа түскен депутаттыққа кандидаттардың алған дауысы туралы айтатын болсақ төмендегідей:
1. Арал  ауданы бойынша:
№11 «Мақатаев» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Балсүгүров Мұхтар Темірханұлы – 160 дауыс 9,1 %
-Қанатов Талғат Мырзағұлұлы – 1459  дауыс 83,4 %
-Өтегенов Құлғанат Әбілтайұлы– 131 дауыс 7,5 %
        
2. Сырдария ауданы бойынша:
№8 «Шіркейлі» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Садықов Жасұлан Айдуллаұлы – 115  дауыс 8,9 %
-Сұлтанов Сейткамал Абзалұлы - 1030  дауыс 80,1 %
-Сүлеймен Ерболат Құлтайұлы - 141  дауыс 11,0 %
3.Шиелі ауданы бойынша:
№2  «Жөлек» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Нұршаев Қайрат Толғанбайұлы – 161 дауыс 6,7 %
-Салқынбаев Мұханбетжан Бекмырзаұлы – 2078  дауыс 87,1 %
-Халтаева Жамила Тұрғанбайқызы – 148  дауыс  6,2%
4. Қызылорда қаласы бойынша:
№5  «Әл-Фараби» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Абдуқалықов Муса Жақыпұлы – 4666 дауыс 72,3 %
-Ибраев Әбдімұрат Труұлы – 1149 дауыс 17,8 %
-Нұржанов Нұрлан Мұратұлы – 640 дауыс  9,9 %
5. Облыс бойынша  жарамсыз деп танылған сайлау бюллетенінің жалпы саны -  93  болса, оның ішінде Арал  ауданы бойынша - 27, Сырдария ауданы бойынша -4, Шиелі ауданы бойынша -26  және Қызылорда қаласы бойынша 36.
6. Сайлауда дауыс берудің қорытындысы бойынша мәслихат депутаты болып сайланғандар:
Арал  аудандық мәслихатына:
№11 «Мақатаев» сайлау округі бойынша:
Қанатов Талғат Мырзағұлұлы,  1976 жылы туылған, қазақ, «Нұр Отан»  партиясы Арал  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Арал қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Сырдария  аудандық мәслихатына:
№8  «Шіркейлі»  сайлау округі бойынша:
Сұлтанов Сейткамал Абзалұлы, 1973 жылы туылған, қазақ, «Мәди Қажы» ЖШС-ң директоры, Шіркейлі ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Шиелі аудандық мәслихатына:
№2 «Жөлек» сайлау округі бойынша:
Салқынбаев Мұханбетжан Бекмырзаұлы, 1969 жылы туылған, қазақ, «Семізбай-U» ЖШС-і «Иркөл» филиалының директоры, Гигант ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
            Қызылорда қалалық мәслихатына:
№5 «Әль-Фараби» сайлау округі бойынша:
Абдуқалықов Муса Жақыпұлы, 1963 жылы туылған, қазақ, «Астана сервис ЛТД» ЖШС-ң бас директоры, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
7. Мәслихат депутаттарын сайлауда облыс бойынша 51 байқаушы қатысты, олардың ішінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден - 12,  ақпарат құралдарынан - 10 және  депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген өкілдері- 29.
8. Сайлау науқаны мен дауыс  беру кезінде және дауыстарды санау кезінде, сондай-ақ сайлаудың нәтижесі бойынша сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ.
9. Сайлаудың нәтижелері  мен мәслихат депутаты болып сайланғандар жайлы мәліметтер аудандық және Қызылорда қалалық газеттерінің жуықтағы басылымдарында жария етілетін болады.

26 наурыз 2018 ж. 781 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области