Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МҰРАҒАТЫНДА НАУРЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ТАРИХИ ҚҰЖАТ САҚТАУЛЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МҰРАҒАТЫНДА НАУРЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ТАРИХИ ҚҰЖАТ САҚТАУЛЫ


1924 жылы Павлодар уезінде (Павлодар облысы) Наурыздың құрметіне демалыс жарияланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Павлодар уезі Атқару комитетінің хабарламасында былай делінген: «Упрофсекретариаттың хабарландыруына сәйкес, бүгін 22 наурыз - «Рухани күннің» орнына тойлануы тиіс Ұлттық мереке күні (Қырғыз Жаңа жылы), осыған орай бүгін сабақтарды тоқтату ұсынылады. Хабардар болғандығы жөнінде қолтаңба қалдыру».
Бұл құжат Павлодар облыстық мемлекеттік архивінде сақтаулы тұр.
Облыстық мемлекеттік архив қызметкерлерінің айтуынша, осы хабарламада Наурыз күні жұмыс істемейтін және сабақтар болмайтын күн деп жарияланған. Себебі, құжаттың екінші бетінде оның мазмұны уездік әскери комиссарға, қаржы бөліміне, халықтық білім беру бөлімі мен басқа да мекемелерге бағытталғаны көрсетілген.
Фото мен құжаттың түсіндірмесін Павлодар облыстық мемлекеттік архиві ұсынды.
22 наурыз 2018 ж. 312 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области