Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДӘСТҮР ТАҒЫЛЫМЫ

ДӘСТҮР ТАҒЫЛЫМЫ


    Биыл жыл басы – әз-Наурыз мерекесін облыс орталығы тұрғындары апта бойы атап өтуде. Осыған орай «Сыр медиа» ЖШС серіктестігінде облыстық «Сыр бойы» газеті ұжымының ұйытқы болуымен шағын көрме ұйымдастырылды.
    Көрмеге қолданбалы өнер туындылары қойылды. Оны тамашалаушылар қатары мол. Бүгін таңертеңнен қарашаңыраққа келген қызметкерлер де, редакция қонақтары мен ардагерлеріміз де көрме бұрышына аялдап, қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда, - дейді облыстық газеттің жауапты хатшысы Әзиз Батырбеков.  
    Айта кетейік, шағын көрмені ұйымдастыруға серіктестікке қарасты барлық басылым қызметкерлері, әсіресе, «Сыр бойы» газеті журналистері атсалысыпты. Бұған қоса, әріптестеріміз өз бастамасымен дастархан жайып, баршамызды наурыз-көжеден ауыз тиге шақырды. Ал серіктестік айтулы мерекені дәстүр бойынша 21 наурыз күні кең көлемде атап өтеді. Оған баспасөз саласының ардагерлері шақырылып отыр. Қонақтар назарына ұлттық ойындар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Әрине, наурыз-көже – мерекелік дастарханның басты тағамы.

20 наурыз 2018 ж. 471 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области