Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ


    Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады. Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
    Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
    Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.
    Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
    Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
    Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.
    Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
    Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болады, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
    Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
     Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.  

20 наурыз 2018 ж. 144 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области