Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ- ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ- ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ


    Елбасының Жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында биылғы  жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланды.
   Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс экономикасына үлес қосып отырған іскер азаматтармен «Кәсіпкерлікті қолдау – ел дамуының кепілі» атты кездесу ұйымдастырылды.
    Шараның басты мақсаты – отандық өнімді қолдау мен насихаттау, оны өндіретін еңбек адамдарын дәріптеу, кәсіпкерлік сала¬сының дамуына үлес қосқан азаматтарды, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу.
     Кездесу барысында І республикалық құрақ көрпе номинациясының 1-орын иегері, кәсіпкер Б.Қорғанбекқызы қазіргі таңда ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында қолөнерді дамытудың маңыздылығына тоқтала отырып, өз кәсібін ашқысы келетін жастар үшін  елімізде мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалып отырғандығын атап өтті.
      Шара соңынан жастар кәсіпкердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан жасалған көрмемен танысты.


19 наурыз 2018 ж. 451 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области