Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДАҒЫ ЖАЛАҢТӨС БАТЫР АУЫЛЫНДА ОРТАЛЫҚ АЛАҢ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ЖАЛАҢТӨС БАТЫР АУЫЛЫНДА ОРТАЛЫҚ АЛАҢ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


    Қазалы ауданында даңқты қолбасшы Жалаңтөс батырдың 440 жылдығы аталып өтті. Батыр ауылындағы ауылдық клубтың ашылуынан кейін шара орталық алаңдағы салтанатпен жалғасты.
    Қонақтар биыл абаттандырылған орталық алаңмен танысты. Жаңа алаң ауылдағы ескі клуб, балабақша, шаруашылық қоймасының орнына салынған. Жаңаша кейіпке енген алаңда шағын демалыс орындары, балалардың ойын және спорттық жаттығу құралдары орналастырылды. Жалпы ауылды абаттандыру жұмыстарына өткен жылы аудандық бюджеттен 70,5 млн теңге бөлінген болатын.
    Театрландырылған көрініспен басталған шарада «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ауыл тұрғындарын баба мерейтойымен құттықтады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайын Дәуіт ауылдағы нысандардың бәрі жаңа екендігін, жаңа мектеп, жаңа амбулатория, жаңа балабақшаның қатарына бүгін жаңа клуб қосылғандығын қуанышпен жеткізді.
    Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты. Бұдан соң қонақтар баба рухына арналған асқа қатысты.








26 қазан 2017 ж. 807 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области