Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ФОТОАЛЬБОМДАРДЫҢ ОРНЫН БАСҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

ФОТОАЛЬБОМДАРДЫҢ ОРНЫН БАСҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ



Бүгінде анасы алыстағы баласына сағат сайын хабарласып, "тамақ іштің бе, не жедің, не кидің, қайда бардың?" деп сұрамайды. Себебі баласының инстаграмына тіркелген. Оның дәл қазір не істеп жатқанын білу үшін бар болғаны профильге сұқ саусақты басу жеткілікті.
Бүгінде бұл әлеуметтік желіні ес білген баладан ес кірген қарияға дейін жақсы біледі. Күнделікті қолданбаса да, атауын естіген. Естімеген тек Амазонканың үндістері мен өркениеттің көшіне ілесе алмаған африканың қарамаржандары шығар.
Инстаграм – бұл бір жеке әлем. Біреулер бұл жерден өмірлік жарын тауып жатыр, енді біреу терлемей-ақ, тепшімей-ақ құр саусағын қимылдатып жұлдыз атануда. Біреулер бизнесін дөңгелетуде, енді біреу жалаңаш тәнін көрсетіп мыңдаған лайктарға ие болады. Кейбірі көштен қалмайын деп кіреді, кейбірі біреуге алтындай уақытты құр өткізу үшін кіреді. Біреулер білім, қосымша ақпарат жинайды. Қысқасы, адамның абыройын өсіретін де, өшіретін де бұл құралдың бүгінгі қоғамда маңызы жоғары. Инстаграм әлеуметтік
желі есебінде 2010 жылдан бері ғаламторға тарады. Суретті тек альбомнан емес, әлеуметтік желі арқылы көруге мүмкіндік беруді алға тартқан Кевин Систромның идеясы бүгінде желідегі елдің қолдауына ие болып, танымалдығы арта түсті.
2018 жылдың алғашқы айындағы көрсеткішке сүйенер болсақ, бүгінде 1,1 млрд адам бұл әлеуметтік желіні пайдаланады екен. Тұтынушылардың белсенділігінің арқасында Инстаграм 2017 жылы жарнамадан $2,8 млрд пайда түсірген.
Бұл әлеуметтік желінің пайда болғанына 7 жылдан асса да, ол ешқашан бір орында қозғалмай, ескіріп қалған емес. Әрдайым жаңарып, өзгеріп отырады. Ең алғаш App-store дүкендерінде жарияланған Инстаграм қосымшасын бір күнде 25 мың адам жүктеген. Бұл App-store тарихындағы ең үлкен көрсеткіш көрсеткен оқиғалардың бірі. Араға екі жыл салып Инстаграм Аndroid операциялық жүйесінің тұтынушыларын да қуантты. Бұл оқиғаның да орны бөлек. Себебі, бір тәулікте 1 млн адам қосымшаны жүктеген.
Инстагамда #хештег деген ұғым 2011 жылы пайда болды. Оны шығарудағы мақсат – суреттерді, видеоларды бір тақырыппен, топтамамен орналастыру, іздеу арқылы керекті дүниені оңай табуға жағдай жасау.
Ал, 2012 жылдың 9 сәуірінде «Facebook» компаниясы Инстаграмды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алды.
Болашақта бұл әлеуметтік желі қолайлылық үшін дәл whatsapp, vk желісіндегідей видео, аудио арқылы байланысуға мүмкіндік береді. Тіпті, бұл қызметті атқаратын батырмалардың алғашқы логотиптері де ғаламторда пайда болды. Бірақ, компания қызметкерлері бұл ақпаратты әзірше жасырын ұстап отыр.
Естеріңізде болса, Инстаграмда gif-суреттер пайдалануға берілерде дәл осындай ақпарат тарап, компания бұл мәліметті жасырын ұстап, соңында бұл идея жүзеге асқан еді. Сондықтан, тосын-сый жасағанды ұнататын Инстаграмға жоғарыда айтқан қызметтер қосылса, еш таңғалмаңыз.

13 наурыз 2018 ж. 47 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области