Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ТАБЫС САЛЫҒЫН АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛАДЫ - ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ

ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ТАБЫС САЛЫҒЫН АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛАДЫ - ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ


    Жалақы мөлшері төмен жұмыскерлердің жеке табыс салығын азайту мәселесі пысықталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру Жол картасының жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Оның айтуынша, Елбасының 5 бастамасының жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту бағытының орындалуына Ұлттық экономика министрлігі жауапты болады.
    «Бұл бағыт шеңберінде салық заңнамасының нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр. Жалақы мөлшері төмен жұмыскерлердің жеке табыс салығының мөлшерін азайту мәселесі пысықталатын болады», -  деді министр.
    Сонымен қатар ол жеке табыс салығын салу тәртібі мен әкімшілендіру тетігін қарау жоспарланып отырғандығын айтты.
    «Бұдан басқа жеке табыс салығының прогрессивті шәкілін енгізу мүмкіндігі зерделетін болады. Іс-шаралар тамыз айында аяқталады. Алайда жаңа тетікті енгізу жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді», - деді Т.Сүлейменов.

13 наурыз 2018 ж. 315 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области