Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ


      Қазалы ауданындағы Жалаңтөс батыр ауылында ауылдық клуб пайдалануға берілді.
    Жаңа клубтың ашылу салтанатына қатысқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
    Екі қабатты 150 орындық клубта көрермендер залы, үйірме бөлмелері, кітап сақтау бөлмесі, оқырмандар залы қарастырылған. Қазіргі таңда клубта 4 үйірме жұмыс жасайды.
    И.Құттықожаев облыс әкімінің  құттықтауын жеткізіп, клуб ұжымына түрлі түсті теледидар сыйлады. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ажаркүл Алдажарова ауыл тұрғындары атынан алғысын білдірді.
    Жаңа клубтың лентасы қиылғаннан кейін қонақтар ғимарат ішімен танысты. Көрермен залында Жалаңтөс батыр туралы деректі фильмді тамашалады.
    – Осыған дейін Жалаңтөс батыр туралы деректерді тек кітап беттерінен ғана оқып білсек, бүгін фильм арқылы алған әсеріміз ерекше. Ат үстінде жүріп, туған жерінен жырақта жерленген Жалаңтөс батырдың елімізді қорғаудағы ерлігі туралы жан-жақты мағлұмат алдық - деп фильмнен алған әсерін бөліскен оқушы Динара Қайрулла.





26 қазан 2017 ж. 1 018 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области