Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІ СОТҚА ДЕЙІН ШЕШУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІ СОТҚА ДЕЙІН ШЕШУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


    Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьяларының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және әкімшілік істерді сотқа дейін шешу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Аталған шараға Қызылорда облыстық сотының судьясы Ш.Маликова, әкімшілік сот төрағасы М.Ибрашев, судьялары Г.Искакова, К.Еспенбетова, С.Утегенова, Ш.Қожантаев, О.Абдукаликов және кеңсе меңгеруші А.Аблаева, ОІІД-нің әкімшілік полиция, көші-қон қызметі және жергілікті полицияның қызметкерлері қатысты.
    Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы өз баядамасында 2016 жылдың 12 айы мен 2017 жылдың 12 айындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар статистикасына тоқталып өтті.
    Сондай-ақ, судья С.Утегенова әкімшілік істердің сотқа түсуін азайту, медиация және дауды сотқа дейінгі шешу мақсатында атқарылатын шаралар бойынша баяндама оқып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру барысында орын алған кемшіліктерді айтып, хаттамаларда құқық бұзушының іс әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің баптарының шеңберінде дұрыс толтырып және құқық бұзушыға қатысты дәлелдемелерді толық жинауды басты назарда ұстауды тапсырды.
    Әкімшілік істерді электронды түрде сотқа жолдау бойынша әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі А.Аблаева баяндама жасап, ішкі істер басқармасы инспекторларының бірқатар сұрақтарына жауап берді.
    Судьялар әкімшілік полиция мен учаскелік полиция инспекторларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырудың себептері мен негіздеріне, оның талапқа сай рәсімделу ережелеріне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жолдау мерзімдері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
    Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

13 наурыз 2018 ж. 108 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области