Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАРИЯ ИІРІМДЕРІ ТҮЗЕТІЛІП, ҚОРҒАНЫС БЕКЕТТЕРІ НЫҒАЙТЫЛАДЫ

ДАРИЯ ИІРІМДЕРІ ТҮЗЕТІЛІП, ҚОРҒАНЫС БЕКЕТТЕРІ НЫҒАЙТЫЛАДЫ


    Жыл сайын көктемде жағалауындағы ел-жұртқа қауіп төндіретін дария иірімдеріне түзету жұмыстарының жобалық құжаттарын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 62 млн теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов мәлімдеді.
    Жоба бойынша 12 участокта дария иірімдерін түзету, қорғаныс бөгеттерін нығайту, гидротехникалық құрылысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  Бұл мәселе кешегі өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, депуттардың келісімін алды. Сондай-ақ, сессияда халықты құлақтандыру шарасына 27 млн теңге қаралған. Яғни, стратегиялық маңызы бар объектілерде төтенше жағдай орын алып жатса, сол маңдағы тұрғындарға ескертпелер жасалып, шұғыл түрде құлақтандыру жұмыстары жүргізіледі.
    Жалпы, 9 айда 54 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген. Сонымен қатар, облысымызда аса қауіпті табиғи індет болып табылатын кене шағудан жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен қолайсыз 117 және қосымша анықталған 9, барлығы 126 елді мекенге көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, күзгі эпидмаусымда тағы да қосымша 15 елді мекен анықталып, барлығы 141 елді мекенге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша жүргізілген залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі – 99,7% құрады.
    – 2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасына барлығы 19,3 млрд теңгені құрайтын 155 жоба енгізілді. Бірінші кезеңге жоспарланған 50 жобаның 20 жобасы облыстық бюджеттен, қалған 30 жоба республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. Екінші кезеңге 15,2 млрд. теңгелік 105 жоба қаралып отыр, - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.
    Сондай-ақ, өткен жылы желтоқсанда тасқын су салдарынан бұзылған «Жалағаш-Жосалы» автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы жұмыстың 85 пайызы орындалған. Жұмыс қараша айының басында аяқталады.

25 қазан 2017 ж. 553 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области