Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕМ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН АНА

ӘЛЕМ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН АНА


    Назарбаев Зияткерлік мектебінде аналарға арналған апталық ұйымдастырылды. Шуақты көктемнің алғашы мерекелерінің бірі болып саналатын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай оқушылар мен ұстаздар мектеп оқушыларының аналарын арнайы мектепке шақырып, концерттік қойылым ұсынды.
    Барлық сынып қамтылған мерекелік шара басталмас бұрын концертке келген аналарымыз бен әжелерімізді оқушылар дәлізден гүлмен күтіп алып, өздерінің жүрекжарды тілектері жазылған құттықтау хаттарын сыйға тартты.
    Әрі қарай аналарға арналған әсем кеш шымылдығы түрілді. Балалар сахнада ән мен күйді, жыр жолдары мен ізгі тілектерін тебірене жеткізді. Әр баласы бір жалғыз болған аяулы аналар мен асыл әжелерде балаларының құрмет жасап, ерекше тебіреніске бөлегендеріне ризашылықтарын жеткізді.
    Сонымен қатар бүгінгі мерекеде мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген бірқатар аналар мен әжелер мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Түрлі әнмен әрленіп, бимен өрнектелген шара соңында аналар оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.



05 наурыз 2018 ж. 646 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области