Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашылды

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашылды

Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы негізінде «Алтын Орда Шұғыла» бөбекжай бақшасының филиалы бүлдіршіндерге есігін ашты.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қатысып, бақша құрылтайшысы Алшынбаев Сейітқали Бегманұлымен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов «Болашақ ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Сондықтан кәсіпкердің бүлдіршіндерді қолдаудағы бұл қадамы көпке өнеге болмақ. 40 маманды тұрақты жұмыспен қамтыған балабақша жұмысына сәттілік тілеймін» деп, жылы лебізін білдірді.

Бөбекжай бақшасы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қажетті заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Кабинеттер компьютерлермен, арнайы жасақталған ән-әуез, би және спорт залдарымен қамтамасыз етілген.
Аталмыш бөбекжай бақшасы 2 жастағы бүлдіршіндерді қабылдайтын сәбилер тобының болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, 2 мен 6 жас аралығындағы 150 балапанды тәлім-тәрбиемен сусындатпақ.



30 желтоқсан 2021 ж. 468 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области