Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ғылым саласының үздіктері марапатталды

Қызылордада ғылым саласының үздіктері марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ғылым саласына зор үлес қосқан бірқатар ғалымдар марапатталды.

Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова оқу орнының QS EECA 2022 рейтингісі бойынша ТОП-400 үздік жоо-ның қатарына кіруінде ғылыми жетістіктердің рөлі елеулі болғанын айтты.

«Биылғы оқу жылында гранттық қаржыландыру негізінде орындалатын жобалар саны мен ғылыми зерттеу жұмысын жалпы қаржыландыру көлемі 20 пайызға өсті. Осыған орай, университетте алғаш рет жас оқытушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту мақсатында жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті. Нәтижесінде жалпы қаржы көлемі 10 млн.теңгелік 4 жоба университеттің грантын иеленді. Бүгін 4 жеңімпазға 2,5 млн.теңгенің сертификаты табысталды. Алдағы уақытта жас ғалымдар тарапынан қызу қолдау тапқан байқау жалғасын табатын болады. Бұл білім-алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың ашылуына мүмкіндік бермек», – деді университет басшысы Бейбіткүл Кәрімова.

Кездесу барысында Дәстүрлі өнер институтының директоры Ғани Байұлов мемлекеттік награда «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, ғылым саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген оқытушы-ғалымдарға облыс әкімінің Алғыс хаты, облыстық білім беру басқармасы басшысының арнайы Алғысы, Басқарма Төрағасы-Ректордың Алғыс хаты және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік түлек» медалі табысталды.

Биыл Халықаралық грант негізінде орындалған 1 жоба аяқталып, 1 жоба бойынша жұмыстар басталды. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша жарияланымдар саны 2 есеге өсті. Университет базасында «Химия, жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, педагогикалық және іргелес ғылымдар ғылыми-инновациялық орталығы» атты академиялық артықшылық орталығы ашылмақ. Онда 2025 жыл деңгейінде жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын 8 заманауи зертхана іске қосылады.

Сонымен қатар, студенттерді ғылыми шығармашылыққа тартуда кафедралар жанында құрылған 38 ғылыми үйірме елеулі рөл атқаруда.
30 желтоқсан 2021 ж. 478 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области