Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 30 желтоқсан күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР батысында, шығысында және орталығында күн құбылмалы болады, қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, батысында, орталығында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, Алакөл көлдері ауданында желдың жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың орталығында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
30 желтоқсан 2021 ж. 95 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области