Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен полковник Байболов Еркінбек Серғалиұлы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник  Қ. Мұсаев таныстырды.
Еркінбек Серғалиұлы 1974 жылы 2  қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында туған.
1996 ж. Шекара әскерлері Әскери институтының орта әскери училищесінің толық курсын тәмамдаған.
2006 ж. Ұлттық қорғаныс университетінің 1 айлық академиялық жұмылдыру курстарын бітірген.
2007 ж. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
1992-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы   Күштерінде  әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерген.
1999-2001 ж. Адъютанттар бөлімінің аға офицері - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің көмекшісі.
2001-2010 ж. Алматы облысының Жетісу,  Әуезов аудандары қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында басшылық лауазымдарында  қызмет өткерді.
2010-2012 ж. департаменті бастығының орынбасары-Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті қоғаммен байланыс және психологиялық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2012 жылдың қараша айына қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы қызметін атқарған.

03 наурыз 2018 ж. 224 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области