Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Тұтынушыларға 2,3 млн. теңге қайтарылған

Қызылорда: Тұтынушыларға 2,3 млн. теңге қайтарылған

Kyzylorda-news.kz. Аймақта жыл басынан бері тұтынушылар құқығын қорғау органына 435 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көп. Яғни басым бөлігі тұрмыстық қызмет, қаржылық, медициналық, жолаушылар тасымалы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, бөлшек сауда саласына қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

Брифингте сала басшысы құзырлы органга түскен өтініштердің 352-не жауап берілгенін және 63-і түсіндіріліп, 19-ы басқа мемлекеттік органга жолданғанын айтты. Нәтижесінде тұтынушыларға 2,3 млн. теңге қаражат қайтарылған.

«Департамент жанынан тұтынушылардың сұрақтарына жауап беру мақсатында «үйлестіру комиссиясы» құрылды. Осы кезеңге дейін аталған комиссияның 3 отырысы өткізілді. Алғашқы жиында бірқатар әлеуметтік-проблемалық мәселелер талқыланды. Мәселен, су, жылу, газбен жабдықтауда қызметтердің тиісті деңгейде көрсетілмеуі, қоқыс шығару бойынша сапасыз қызметтерге, пәтер иелері кооперативі ұйымның төрағасымен міндеттерінің тиісті деңгейде орындалмауына, медициналық қызметтер бойынша жедел жәрдемнің уақытылы және сапалы жұмыс істемеуі, ауруханаға жатқызудан негізсіз бас тарту, мекемелерде санитарлық нормаларының сақталмауы, медициналық мекемелердегі ұзын сонар кезектер және т.б. Осыған орай, әлеуметтік проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімдігімен бекітілді. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде»,-деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Айта кетейік, алдағы уақытта да департамент қызметкерлері әрбір тұтынушының көтерген мәселесін Заңға сәйкес оң шешілуі бағытында жұмыстарын жүргізе бермек.
30 қараша 2021 ж. 127 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области