Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық студент Қазақстан чемпионатының 7 дүркін жеңімпазы

Қызылордалық студент Қазақстан чемпионатының 7 дүркін жеңімпазы

Kyzylorda-news.kz. Орал қаласында каратэ шито-рюден балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Әсемгүл Ердәулет 55 кг салмақта ҚР чемпионы атанды.

«Отбасында ер балалардың ортасында өскендіктен болар, ата-әжем спортты жаныма серік етті. 8 жастан бастап денемді шынықтырып, үлкен спортқа дайындалдым десем де болады. Бүгінгі жеткен жетістіктерім – қалыптасқан әдеттер мен спортқа деген махаббатымның арқасы. Осының нәтижесінде Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатынан алтын медаль және Әлем кубогі маған бұйырды. Міне, кезекті жарыста жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионатының 7 дүркін жеңімпазы атандым. Болашақта нәзік те батыл қадамдарыммен елімнің абыройын асқақтата берсем деген ниетім бар»,- деді спортшы.

Оралда өткен жарыста чемпион 3 кездесу өткізіп, ақтық сайыста маңғыстаулық спортшымен белдесті. Қарсыласын 6-1 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, Әсемгүл Ермекқызы 2003 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында 2-курс оқиды.
30 қараша 2021 ж. 158 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области