Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС: Клиникаларда емделу, қымбат медициналық қызметтер қолжетімді

МӘМС: Клиникаларда емделу, қымбат медициналық қызметтер қолжетімді

Kyzylorda-news.kz. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында қымбат тұратын медициналық қызметтер, еліміздің клиникаларында емделу қолжетімді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Шырынкүл Әбілтаева көп жылдан бері ревматоидты артритпен ауыруда. Жыл сайын аудандық және облыстық ауруханалардыңда емделеді. Сондай-ақ, дәрігерлер Түркістан мен Шымкент қалаларының медициналық ұйымдарына емделуге жолдама береді.

«Біздің және Оңтүстік Қазақстан аймғында да мықты дәрігерлер жұмыс істейді. Ревматоидты артрит – бұл жүйелі, қабыну ауруы. Сондықтан динамикалық емдеу қажет. Осы, аудандық ауруханаға буындардағы қатты ауырсынумен түстім. Қазір физио емдеу және барлық қажетті процедуралар, дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрмін. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандықтан, маған барлық медициналық қызметтер қолжетімді. Сондай – ақ, емханадан ай сайын гормондық дәрі-дәрмектерді аламын», – дейді пациент.

Шиелі кентінің тұрғыны Күлтай Ерқонысова аудандық ауруханаға ауыр жағдайда түсті. 75 жастағы кейуана көптеген жылдар бойы аритмиямен, жоғары қан қысымымен ауырады. Қазір Күлтай апа өз қалпына келді.

«Мені зембілмен әкелді, бұл инсульт деп уайымдадым. Денсаулық жағдайым қалай жақсарды, дәрігерлер мені облыс орталығының клиникаларының біріне апарып, МРТ-ға түсірді. Шүкір, инсульт жоқ. Дәрігерлерге алғысым шексіз» – дейді Күлтай Ерқонысова.

Шиелі аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Бақыт Исмағұлованың айтуынша, МӘМС аясында қымбат тұратын анализдерді тапсыру, УДЗ, МРТ түсіру және т. б сақтандырылған азаматтар үшін тегін.

«Біз телемедицинаны кеңінен қолданамыз, санавиация белсенді жұмыс істейді. Егер бұрын нақты диагноз қою үшін біздің науқастар облыс орталығына және басқа өңірлерге барса, қазір телемедицина арқылы еліміздің жетекші дәрігерлерімен кеңесеміз», – деп хабарлады Бақыт Исмағұлова.

Жыл басынан Шиелі аудандық ауруханасының терапия бөлімінде 2 мыңға жуық адам ем қабылдады. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалынан 296,9 млн теңге бөлінді.
30 қараша 2021 ж. 121 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области