Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрғали Қордабай: Қызылордада 110 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Нұрғали Қордабай: Қызылордада 110 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 620,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға артқан. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі – 2,6 пайызға, құрылылыс жұмыстары – 2,0 пайызға өскен.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабайдың айтуынша, биылғы жылдың он айында өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 12,4 пайызға артқан. Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 7,5 пайызға, тау кен өндіру саласы – 8,5 пайызға өскен. Аймақта құрылыс жұмыстары қарқын алып, салыстырмалы түрде 0,6 пайызды құрады. Сәйкесінше, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 4,2 пайызға өсу динамикасы қалыптасты.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 2408 пәтерлік 110 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні 615 пәтерлік 37 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, өңірде сауда көлемі – 2,1 пайызға өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 5,8 пайызға артып, 50 492 бірлікке жетті. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд. теңгені құрайтын 163 жоба іске қосылып, биылғы жылы 74 жобада 426 жұмыс орны құрылды. Аталған жобаларда қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы және басқа да өнімдер өндірілуде. Азық түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері бағаны тұрақты ұстап тұру үшін облыстық бюджеттен 900,0 млн. теңге бөлінді. Жалпы облысқа биыл 218,8 млрд. теңге инвестиция тартылды», – деді басқарма басшысы Нұрғали Рахымшаұлы.
25 қараша 2021 ж. 37 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области