Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаш кентінде жабық бассейн кешені пайдалануға берілді

Жалағаш кентінде жабық бассейн кешені пайдалануға берілді

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында жалпы спорт саласын дамыту үшін ең бірінші спорт инфрақұрылымын кезең-кезеңімен салуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған орай ауданда спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қайыржан Құлтекеновтың жеке қаражаты есебінен Жалағаш кентінде құны 320 млн. теңгені құрайтын жабық бассейн кешені салынып, пайдалануға берілді.

Кешенде 19 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, үйірмеге 100-ге жуық балалар қамтылып, күніне 30 адамға дейін ақылы қызмет көрсетуде.

Аудан орталығынан демеушілік қаражат есебінен балаларға арнап спорт және ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 14 млн. теңгеге 3 шағын спорт алаңы салынды.

Жалағаш кентінде жалпы құны 471 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 217,3 млн. теңге қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы нысан пайдалануға беріледі.
Жыл аяғына дейін кент орталығынан «Айбар-Ш» ЖШС демеушілік есебінен балаларға арналған Стритбол алаңы салынып, аудан тұрғындарының игілігіне беріледі.

Спорт – денсаулық кепілі десек, ұлттық бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатын аудан халқы саны 10 664 яғни 30,3 пайызды құрайды.
Алдағы уақытта 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда
25 қараша 2021 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области