Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауа райы: Жел, боран соғып, көктайғақ болады

Ауа райы: Жел, боран соғып, көктайғақ болады

Kyzylorda-news.kz. Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғады, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

25 қарашада атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын түседі, күндіз елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аумақтарда және шығысында жаңбыр, қар жауады. Тек республиканың батысында антициклон әсерінен күн райы ашық болуы мүмкін. Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады, боран соғады, жел күшеюі ықтимал. Еліміздің батыс және орталық бөлігінде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы ықтимал, түнде таулы аудандарда жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с болады, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу боран соғады, жолдарда көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында жел күшейіп, 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу боран соғады, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, шығысында, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, екпіні 23 м/с болмақ.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу боран соғады, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, түнде Маңғыстаудың батысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу боран соғады, көктайғақ болады, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік – батысында көктайғақ болады, тұман түседі, Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында тұман түсуі мүмкін.
25 қараша 2021 ж. 38 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области