Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тарихи-мәдени ескерткіштерді цифрландыру жобасы жүзеге асырылды

Тарихи-мәдени ескерткіштерді цифрландыру жобасы жүзеге асырылды

Kyzylorda-news.kz.  «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарияланған шағын грант байқауында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студентінің жобасы қолдау тапты.

Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Ағжан Карбозованың ғылыми жетекшілігімен Мұрат Төлеудің «Тарихи және мәдени жәдігерлерді цифрландыру» тақырыбындағы жобасы Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылында жүзеге асырылды.

«Жоба нәтижесінде ескерткішке QR код тақтайшасы орнатылды. Бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тек есімін ғана біліп қоймай, олардың фото, видеоларын өз ұля телефондары арқылы танып-білуге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – Қ.Пірімов ауылының тарихи-мәдени ескерткіштерінің дамуына үлес қосып, цифрландыру жұмыстарын жүргізу», – деді «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Ағжан Карбозова.

Бұдан бөлек жоба аясында жастарға ауыл көшелерінің аталу тарихы да насихатталды. Алдағы уақытта білім алушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылығын одан әрі дамытып, қолдау мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын табады.
24 қараша 2021 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области