Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қатардағы жауынгері… Теңіздің

Қатардағы жауынгері… Теңіздің

Kyzylorda-news.kz. Каспий теңізі – мемлекет үшін көптеген игіліктің қайнар көзі. Мұнда мұнайдың да, өзге балықтың да қоры мол. Ең бастысы біздің аумақтық суларымыз – Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жалғыз учаскесі. Шетелдік және жергілікті браконьерлерді қызықтыратын басқа да байлықтар бар. Сондықтан бастапқыда теңіз шекарашыларының міндеттерінде Каспий биоресурстарын қорғау, мемлекеттік шекараны бұзушылармен, контрабандашылармен, браконьерлермен де ымырасыз күрес те кіретін.

Өңірде көктем құқықбұзушылар мен тәртіп сақшыларының, оның ішінде шекарашылармен арадағы тайталаспен басталады.
2012 жылғы 30 наурызда Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасының «Жеңіс» шекара кемесі жауынгерлік кезекшілікке шықты. Теңіз шекарашылары өздерінің жауапкершілік аймағында экипажы бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлік жолмен аулаған кемені анықтады. Кеме халықаралық қауіпсіздік арнасы бойынша берілген радиосауалға жауап бермеді. Шекара кораблі жақындаған кезде де үн қатпады. Керісінше, Қазақстан Республикасының аумақтық суларынан жоғары жылдамдықтарын қосып, шекарашылардың құрығынан сытылып кетуге тырысты.

Кеме корпусы мен оның бағыты бойынша атылған ескерту оғы да нәтиже бермеді. Теңіз үстіндегі қуғын шамамен 30 минутқа созылды. Содан кейін шекарашылар кемені мәжбүрлеп тоқтатуға шешім қабылдайды. Бұл үшін тексеру тобын шекара бұзушылардың кемесінің бортына десант түсіру керек болады. Теңізші шекарашылар жақындай бергенде браконьерлер мінген кеменің қауіпті қозғалыс жасауының салдарынан артиллериялық жауынгерлік бөлімшесінің командирі, екінші сыныпты старшина Бағжан Ақыпбеков қайғылы жағдайда қаза тапты.
Браконьерлердің соңынан қуу кезінде олар өздерінің қылмыстық әрекеттерінің айғақтарын жоюға тырысады. Бірақ олар арам пиғылдарын соңына дейін орындап үлгермеді. Алты адамнан тұратын қылмыстық кеменің экипажы ұсталып, «Баутино» портына жеткізілді.

Тексеру барысында балықты заңсыз аулаумен айналысқан су құралының Түрікменстанға тиесілі екені анықталды. Кемеден 140-тан астам бекіре тұқымдас балықпен бірге каллада секілді тыйым салынған аулау құралдары бар алты жәшік табылды.

Браконьерлерге қатысты бірден үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балықшылар шекарадан заңсыз өткендері үшін және заңсыз бекіре тұқымдас балық аулағандары үшін айыпталды. Сонымен қатар тоқтату кезіндегі көрсеткен заңға қайшы әрекеттері үшін жаза арқалайды.
Екінші сыныпты старшина Бағжан Ақыпбеков 1990 жылы 3 желтоқсанда жер жәннаты Жетісудың Лепсі ауылында дүниеге келген. Мерзімді әскери қызметін ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасының шекара корабльдері мен катерлер дивизионында өткерді. Бірнеше рет мемлекеттік шекараны бұзушылар мен браконьерлерді ұстауға қатысты. Сол үшін ол басшылық құрамның марапаттарын иеленді.

– Старшина Бағжан Ақыпбеков жауынгерлік қызметте қажет кезде дұрыс шешім қабылдай алатын батыл және кәсіби жағынан білімді әскери қызметші болды, – дейді оның әріптесі Павел Турчинков. – Жолдастарының арасында беделді, үнемі көңілді жүретін, өмірге құштар болатын. Болашағына деген жоспарлары көп еді. Қарулас достарына көмектесуге үнемі әзір болатын. Біз әріптесімізді, қаруласымыз­ды ғана жоғалтқан жоқпыз, адал досымыздан айырылдық.

Өзінің Отан алдындағы әскери борышын өтеу кезінде мезгілсіз қаза тапқан Бағжан Ақыпбековтің артында аяулы жары мен кішкентай қызы қалды.
Тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік шекарасын күзету кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен батырлығы үшін екінші сыныпты старшина Бағжан Нұрланұлы Ақыпбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды (қайтыс болғаннан кейін).

Батыл оғлан Бағжан Ақыпбековті еске алуға арналған шаралар жыл сайын теңізші шекарашының туған жерінде, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдері мен құрамаларында өтіп тұрады.
24 қараша 2021 ж. 37 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области