Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Қызылордада полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өзіндік қауіпсіздік басқармасы 23 қарашада заңсыз әрекеті үшін Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерін ұстағанын мәлім етті.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан полицей беделіне нұқсан келтіретіндерге тәртіп сақшыларының қатарында орын жоқ екенін айтты.

«Осы қызметке тағайындалған күннен бастап департамент және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп аталған бағытта тиісті іс-шараларды қолға алдық. Бұл мақсатта алдағы уақытта да күрес жүргізіледі. Полицей беделіне нұқсан келтіретін қызметкерлерге қатарымызда орын жоқ. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жалғасады», – деді ол.

Полиция департаментіндегілер өз қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдап жатқанын жеткізді. Осы бағытта департамент басшылығы жеке құрам арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде тексеру жүргізуде. Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда қызметтік тергеу басталған. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
24 қараша 2021 ж. 50 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области