Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда жастар кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда жастар кеңесінің отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz.  Бүгін аудан әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев төрағалық жасаған кеңес отырысына дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Алғашқы болып аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітов жастар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданда NEET санатындағы жастардың санын нақтылау барысы туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев хабарлама жасады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев кеңес отырысындақаралған мәселелергебайланысты кемшіліктерге жол беріп, өз жұмыстарына салғырт қараған басшыларға қатаң ескерту жасады. Сонымен қатар, қателіктерді түзету үшін екі күн уақыт беріп, кеңес отырысында айтылған сыннан қорытынды шығаруды тапсырды.

23 қараша 2021 ж. 75 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области