Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вакцина алмаған балаларды сауда орталықтарына кіргізбеуі мүмкін бе?

Вакцина алмаған балаларды сауда орталықтарына кіргізбеуі мүмкін бе?

Kyzylorda-news.kz. Сауда орталықтарына вакциналанбаған балаларды кіргізуге шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазіргі таңда тек ересектер үшін ғана шектеу бар. Болашақта балалар үшін осындай шектеу енгізу қарастырылып жатыр», – деді Цой.

Айта кетері, қазір елде 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде Pfizer-мен вакциналау науқаны басталды.

15 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» статустағы адамдар кіреді. Бұрын мұндай шектеу демалыс күндері енгізілсе, енді жұмыс күндері де қолданылады.

Жуырда Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Қазір бұл препаратпен вакциналау 7 өңірде – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында басталды.

Бүгінгі таңда 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйелге Pfizer вакцинасы егілді.
16 қараша 2021 ж. 89 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области