Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 5 мұнай-газ зауыты қолданысқа беріледі

Қазақстанда 5 мұнай-газ зауыты қолданысқа беріледі

Kyzylorda-news.kz. Елімізде 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Айтуынша, мұнай-газ химиялық өнімін өндіру көлемі 140 мыңнан 2 млн тоннаға дейін артады. Нәтижесінде өнім импортының үлесі 87 проценттен 72 процентке төмендейді. Бұл ретте дайын мұнай-газ өнімдерінің экспорты 9 есеге артатын болады.

«Сұйылтылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 80-нен 100 процентке дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 процентке дейін азайтылады. Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке қысқармақ. Сонымен қатар 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

05 қараша 2021 ж. 102 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области