Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бағаны негізсіз өсірген мекемелер анықталды

Қызылордада бағаны негізсіз өсірген мекемелер анықталды

Kyzylorda-news.kz. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызмет нарығында туындаған қатынастарға таралады.

Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес табиғи монополия субъектілеріне коммуналдық салада (мысалға: сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау), сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың қызметін көрсететін субъектілер жатады.

Қолданыстағы заңдылық нормаларымен табиғи монополия субъектілерінің міндеттері қарастырылған. Атап айтқанда:

– бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға;

– тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға;

– тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға;

– ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге;

– тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға;

– бекітілген тарифтік сметаны және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға;

– бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп беруге және т.б.

Субъектілер өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, жыл сайын, ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіннің Қызылорда облысы бойынша департаментіне тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.

Осылай, ағымдағы жылы ұсынылған 50 есепті қарау қорытындысы бойынша Департаментпен 2,03 млрд. теңге мөлшерінде соманы қайтару үшін 19 табиғи монополия субъектілеріне 28 уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Бұл ретте, ұсынылған есептерді қарау қорытындысы бойынша 4 табиғи монополия субъектілеріне көрсетілген қызмет көлемінің ұлғаюуына байланысты:

кірме жолдар саласындағы – «Аралтұз» АҚ, «МЧ» ЖШС, «Құрылыс» АҚ;

суды бұру саласындағы – «Сексеуіл су құбыры сервис» МКК-ның тарифтерін қайта қарауға бастамашылық жасалынды.

Нәтижесінде жоғарыда аталған субъектілердің тарифтері 7,1 пайыздан 66,2 пайызға дейін төмендеді. Аталған субъектілер Департаментке тарифтерін қайта қарауға өтініммен шыққанға дейін төмендетілген тарифтермен жұмыс істейтін болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
05 қараша 2021 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области