Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Облыс әкімі әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құрметті әріптестер,
әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер зейнеткерлерге қамқорлық, адамзаттан мейірім күткен қамкөңіл жандарға, көп балалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып келесіздер. Осындай еңбектеріңіздің арқасында өмірде қиын жағдайға душар болған азаматтар еңсесін тіктеуде.

Әлеуметтік қорғау жүйесі – қызметтік жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала.
Сол себепті, ел Президентінің Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы ішінде азаматтарды әлеуметтік қорғаудың алғышарттары жасалып, көпсалалық, бірнеше деңгейлік ұлттық моделі құрылды. Соның арқасында халықтың әлеуметтік қамтылуын қамтамасыз етумен бірге қоғамның тұрақтылығын сақтап келеміз.

Елімізді ғана емес, әлемді жайлаған пандемия кезінде әлеуметтік көмектер тұрақты көрсетіліп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұйымдастырылды. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері үздіксіз байланыста болып, халықты жеке сұрақтармен қабылдауды бір мезет те тоқтатпады.

Әлеуметтік салада бүгінгі күні 2 мыңнан аса маман еңбек етуде.
Үйде қызмет көрсетілетін жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар ересек адамдар, балалар арнаулы әлеуметтік қызметтермен үздіксіз қамтылуда.

100 жылдық тарихы бар әлеуметтік саланың қалыптасуына зор үлес қосқан Қорғанбек Қайруллаев, Майдан Мәселеева, Генадий Максин секілді апа-ағаларымыздың ізгілікті ізін бүгінгі күні көптеген білікті де білімді мамандар, сала үздіктері жалғастыруда.

Кәсібіне адалдықпен, жауапкершілікпен қарап, қамкөңіл жандарға мейірімін төккен әлеуметтік сала қызметкерлерін, әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, зор ризашылығымды білдіремін!
Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!
Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
31 қазан 2021 ж. 68 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области