Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы ономастика бөлімінің жұмыстары үздіктер қатарында

Қызылордадағы ономастика бөлімінің жұмыстары үздіктер қатарында

Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Жамбыл облысы, Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтің төрағалығымен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті.

Шараның негізгі мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының таныстырылымы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Республикалық семинар барысында саланы дамыту және өңірлердегі нәтижелі жұмыстар мен озық тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқамалар беріліп, үздіктер марапатталды.

Қызылорда облысының ономастика саласындағы жұмыстары үздіктер қатарынан табылып, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбековаға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Алғыс хаты табысталды.

29 қазан 2021 ж. 42 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области