Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданы бойынша 57 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысуда

Қазалы ауданы бойынша 57 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысуда

Kyzylorda-news.kz. «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қазалы аудандық кезеңі басталды. Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейде өтіп жатқан байқауда аудан мектептері бойынша 57 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысып, бақ сынауда.

Байқауды «Qazaq Epos» қоғамдық қоры «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы, облыстық білім басқармасы және «Дарын» қосымша білім беру орталығымен бірлесе отырып ұйымдастыруда.

Байқаудың ашылу салтанатында «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Дарын» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Гүлжахан Сағындыққызы, талапкерлерге сәттілік тіледі.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қоры бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялаған болатын. Байқау өңірімізде де жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Облыста 25 қазаннан басталған байқаудың 713 оқушы, бүгінгі Қазалы аудандық кезеңіне 57 оқушы қатысуда. Барлығыңызға сәттілік тілейміз, – деді ол.

Байқауға «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Кенжетай Шамшадинов, Майдакөл ауылдық клубының кәсіпорын меңгерушісі Ермекбай Ағырай, аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев, Қорқыт ата атындағы аудандық әуез мектебінің терме класының мұғалімі Сандуғаш Бисембаева, «Qazaq Epos» қоғамдық қорының өкілі Нұрсұлтан Қаражан қазылық етуде.

Сайыста оқушылардың жырды жатқа айтқа айту барысында кідірмей, мүдірмей оқуы, жырды толық жаттауы ескеріледі.

Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, үздік үштіктен көрінген қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қоры бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялаған болатын.

Жобаның мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, оқушыларды халық поэзиясына, асыл мұраға деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.

Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Байқауға облыс бойынша 662 мұғалім дайындаған 713 оқушы қатысуда.
28 қазан 2021 ж. 92 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области