Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы үш емхана екпе егу жұмыстарын толық аяқтады

Қызылордадағы үш емхана екпе егу жұмыстарын толық аяқтады

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күн санап жақсарып келеді. Қалыпты жағдайға қайта оралу үшін вакцинациялаудың маңыздылығы туралы жан жақты ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде №1 қалалық емханада коронавирусқа қарсы екпені 25256 адам жоспарлап 100% қамтылса, Жалағаш және Қармақшы аудандары да вакцинация жұмыстарын жоғары деңгейде сәтті аяқтады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов баяндады.

«Өңіріміздегі эпидемологиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет тіркелгелі бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 18639 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 11 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды. Облыста екпе салдыру жұмыстары басталғалы бері вакцинацияның 1 компонентін– 355 594 адам салдырса, екінші компонентпен – 286 447 адам қамтылды. Бүгінде тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен сақтық шараларын орындау әлсіремеуі тиіс» ,- деді Жангелді Мырзагелдіұлы.
26 қазан 2021 ж. 55 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области