Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәусар Есіркеп: «Жырды бір айда толық жаттап алдым»

Кәусар Есіркеп: «Жырды бір айда толық жаттап алдым»

Kyzylorda-news.kz. Ұрпақ тәрбиелеуде батырлар жырын оқыту, оны қайта жаңғырту игі бастама. Атадан қалған сырлы сөздер мен бай мұрамыз арқылы жаңғырамыз. Осынау бабадан қалған баға жетпес рухани құндылықтарымыздың бүгінгі мұрагерлерінің бірі – Кәусар Есіркеп. Ол Жаңақорған ауданы Бесарық бекеті №247 орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Кәусар «Ер Едіге» жырын толық жаттап, «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Жаңақорған аудандық кезеңінде 120-дан астам оқушы арасынан бірінші орынды иеленді.

– Жырды жаттауға кеңес берген ұстазым Қалдықыз Нұртазаева. Жырды бастап оқығаннан-ақ мені бірден баурап алды. Ондағы батырлық оқиғалар жігеріңді жанып, еріксіз өзіне баурайды. Жырдың әр жолын оқыған сайын «Батырлық – білекте емес, жүректе» деген қазақ халқының мақалының мағынасын тереңірек түсіндім. «Ер Едіге» жырын жаттау маған көп қиыншылық тудырған жоқ. Жырды жаттау барысында қара сөздерді жаттау сәл ауырлық тудырды. Дегенмен, қара сөзді қайта пысықтап, бұл қиындықты жеңе білдім. Нәтижесінде жырдың мазмұнын түсіне отырып, бір айда толық жаттай алдым. Жалпы жырдың мазмұны маған ұнады. Алға мақсат қойдым. Алла қаласа, белгіленген мәреден көш бастап шыққым келеді, – дейді ол.

Жетекшісі Қалдықыз Нұртазаева Кәусардың мектепшілік шараларда белсенді, оқуда озат екенін айтты.

– «Тұлпар мініп, ту алған!» секілді жобалар негізінде бойына баға жетпес руханият сіңірген, ұлттық рухы мықты ұрпақ өсетініне бек сенімдімін. Оқушым жырды бір айда толық жаттап алды. Қазір байқаудың облыстық кезеңі алдында жаттауын қайта пысықтап, көнерген сөздермен жұмыс жасауда. Жыр жолдарын айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы қалыптасқан. Кәусардың жырға қызығушылығы, мазмұнын ұға білуі, есте сақтау қабілеті жырды жаттау барысында көп септігін тигізді, — дейді ұстазы.
26 қазан 2021 ж. 76 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области