Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада табиғат қорғау заңын бұзғандар жазаланды

Қызылордада табиғат қорғау заңын бұзғандар жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Қазан айының 11 мен 19 қараша күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысындаполицейлермен 5 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 55 дерегітіркелді.Оның ішінде, 1 қылмыстық және 54 әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 33дерегі анықталды, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері)- 19 дерегі тіркелді.

Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру,есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен) 2 әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.
25 қазан 2021 ж. 39 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области