Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті

Қызылордада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Достық үйінде ұлттық әйелдер киімдерінің көрсетілімі өтті.

ҚХА-ның «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ол бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде Қазақстан халқының арасында қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын танымал етуге бағытталған.

«Ұлттық киім – ұлттық құндылық» атты іс-шараны облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің белсенді әйелдері, аналар кеңесінің мүшелері, кәсіпкер әйелдер, дизайнерлік мамандық студенттері қатысты.

Көрсетілімде жас дизайнер-модельер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы Малика Дүйсенбаеваның туындылары көрсетілді.

Көрсетілім жас ұрпақтың ұлттық киімге деген қызығушылы мен құрметті, оны киюге деген ықыласты ояту үшін және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақ халқы мен Қазақстан этностарының дәстүрлерін насихаттайтын осындай іс-шаралар алдағы уақытта да көптеп өткізілетін болады.




25 қазан 2021 ж. 61 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области