Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер адам денсаулығына қауіпті тағамдарды атады

Дәрігер адам денсаулығына қауіпті тағамдарды атады

Kyzylorda-news.kz. Қайта өңделген ет өнімдерін, кондитерлік,  ұн және нан-тоқаш өнімдерін, тәтті алкогольсіз сусындар, майлы сүт өнімдерін жиі жеу адам денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл туралы «Прайм» агенттігіне терапевт, гастроэнтеролог Дмитрий Карпенко айтты.

Егер бұл тағамдарды нормамен жесе, олар «шартты түрде зиянды» саналады, деді маман.

«Дұрыс тамақтануды насихаттауға қарамастан, қазіргі таңда статистика сол қалпы: адамдар қант, ас тұзы қосылған майлы тағамдарды шамадан тыс көп жейді, ал дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді аз тұтынады», – деді Карпенко.

Дәрігер зиянды тағамдарды көп жеу қант диабеті, жүрек-қан тамырлары (инфаркт, инсульт), асқазан-ішек жолдары ауруларына әкеп соғатынын ескертті.

Маман тәтті әрі майлы тағамдарды тұтыну жиілігі мен мөлшерін бақылауға кеңес берді. Мәселен, етті аптасына екі реттен көп жемеу керек, ал тұздың нормасы — тәулігіне бес грамм (йодталған).

Жалпы, Карпенконың айтуынша, рационда құнарлы майлар жалпы калорияның он процентінен, ал қант бес-он проценттен аспауға тиіс.
24 қазан 2021 ж. 60 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области