Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Із-түссіз жоғалған қызылордалықтың мәйіті табылды

Із-түссіз жоғалған қызылордалықтың мәйіті табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

12 қыркүйекте С.Бегімбай өз басқаруындағы жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.

Қылмыстық істің төңірегінде С.Бегімбайды табу үшін кешенді жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топтар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары, еріктілер жұмылдырылған.

Кешенді іздестіру шараларына арнайы техника мен тікұшақ қолданылған. Нәтижесінде 19 қазанда «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған. Ал 22 қазан сағат 13:25 шамасында «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды.

Тергеу органы белгісіз азаматтың мәйіті С.Бегімбайға тиесілі болуы мүмкін деп болжам жасады.

«Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел тергеу тобы және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерімен тексеру жүргізіп жатыр. Осы ретте мәйітті тану және тиісті сот-сараптамасының нәтижесінде белгісіз азаматтың мәйіті нақты кімге тиесілі екені анықталады» деп мәлім етті полиция.
23 қазан 2021 ж. 48 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области